Қазақстан мен Кеден Одағы елдері арасындағы сауда-саттық азайды

2014 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстан Республикасының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы азайды, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің баспасөз қызметі.


2014 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 16 310,5 млн АҚШ долларын құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 19,3%-ға азайды.

Оның ішінде экспорт 4 422,7 млн АҚШ доллары (12,1%-ға аз), импорт 11 887,8 млн АҚШ долларына (21,7%-ға аз) жеткен.

Қазақстанның экспорты құрылымын негізінен минералды өнімдер (44,6% Кеден одағы елдерінің барлық экспортының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (26,2%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (12,7%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (5,4%) құрады.

Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (Кеден одағы елдерінің импорты жалпы көлеміне 32,7%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (13,7%), минералды өнімдері (13,5%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,1%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (12,1%) әкелінеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: