Қазақстан мен Қырғызстан кедендік бақылауды алып тастайды

Қазақстан мен Қырғызстан 2015 жылғы 8 мамырда шекарадағы кедендік бақылауды алып тастайды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚырТАГ хабарлады. Фото: thenews.kz

"26 желтоқсанда Қырғызстанның премьер-министрі Джоомарт Оторбаев Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шарттың рәсімдерін іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын дайындау бойынша министрліктер мен ведомстволар басшыларымен жиын өткізді", - деп хабарлады ведомство.

Мәжіліс барысында Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылу туралы шарт 2015 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енетіні атап өтілді және ол Қырғызстанның негізгі міндеттемелерін көздейді. Қырғызстан 2015 жылғы наурызға дейін Шартты бекіту бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуі тиіс.

Бұдан басқа, келесі жылдың 8 мамырында қырғыз-қазақ шекарасындағы кедендік бақылау алынып тасталады. Соған дейін Қырғызстан "Манас" және Ош әуежайларында, Торугарт пен Иркештамда өткізу пункттерін салуы тиіс. Сондай-ақ санитарлық, фитосанитарлық, ветеринарлық бақылау саласындағы қажетті шаралар мен тиісті карантиндік іс-шараларды жүргізуі қажет.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар Қырғызстан мемлекеттік органдарының Кеден одағына, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты ақпараттық алмасу бойынша шараларды талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша, премьер-министр Қырғызстан министрліктері мен ведомстволарына Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы бойынша бірінші кезектегі шараларын іске асырудың күнтізбелік жоспарын жедел түрде пысықтап, нақтылауды тапсырды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: