Қазақстан Израильге тура әуе рейс ашуды жоспарлап отыр

Бейсенбі күні, 4 желтоқсанда, Қазақстанның Израильдегі жаңа елшісі Дулат Қуанышев президент Реувен Ривлинге сенім хатын табыстады, деп хабарлайды Izrus. 

"Рәсім барысында Ривлин өзінің қазақ әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бейбіт бастамалары туралы жылы пікірлерін жеткізді. Елші Қуанышев өз кезегінде дипломатиялық қатынастардың жиырма жылында екі елдің арасында жөнге салынған достық байланыстарды жалғастыруға ниетті екенін атап өтті. Ол Қазақстан мен Израиль арасындағы тура рейс құру бойынша күш-жігерін салуға ниетті", - делінген хабарда.

Қазақстан дипломатиялық өкілдігінің басшысы сондай-ақ желтоқсанның аяғында Израильге Қазақстан президентінің атынан ерекше миссиямен қазақстандық сенатор Бірғаным Әйтімова келетінін еске салды.

Израильдегі Қазақстанның бірінші елшісі Бірғаным Әйтімова БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіне ретінде сайлауға түсетін Қазақстанның кандидатурасын жылжытумен айналысады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: