Қазақстан хакерлері отандық компанияларды 320 млн теңгеге тонаған

Қазақстанның күш құрылымдары кибер қылмыскерлерге соғыс жариялады. 2015 жылдан бастап виртуалды әлемде заң бұзғандар қатаң жазаланбақ. 

Өскеменде полицейлер, судьялар және прокурорлар германиялық әріптестерімен бірге кибер қылмысты анықтаудың қыр-сырын талқылады. Осыған дейін Қазақстанда хакерлерді жауапқа тартатын заң болған жоқ. Сәйкесінше, құқық қорғау органдарының бұл бағытта тәжірибелері аз.

Ал хакерлер болса, заңның шикі тұсын пайдаланып, осы күнге дейін сан түрлі қылмыс жасап үлгерген. Әсіресе, қаржы саласында. Жиында пысықайлардың өзге азаматтардың банктегі шоттарын пайдаланып қана қоймай, несиелік карталардың жалған нұсқасын жасауды да меңгеріп алғаны айтылды.

Мәселен, үстіміздегі жылы шілдеде бір алматылық хакер салық департаментінің атынан кәсіпкерлерге жалған хат жіберіп, айыппұл ретінде олардың жеке шоттарынан қаражат шешкен. Ғаламтор қылмыскерлері тұрғындардың әлеуметтік желідегі жеке парақшаларын да кедергісіз басқарып отырады. Осылайша, жыл сайын виртуалды әлемде бір миллионға жуық адам хакерлердің құрбанына айналады.

Ал олардан келетін шығынның жалпы сомасы 300 млрд еуроның маңайында.

Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, біздің тергеушілер виртуалды істі зерттеудің қыр-сырын меңгеруі керек.

"Біреу адам өлтірген кезде, полицейлердің тындыратын әрекеттері бәрімізге мәлім. Қылмыс орнындағы бүкіл заттарды дұрыстап зерттеп, бәрін тәркілеу керек. Ал ғаламторда қалай? Сондықтан тергеудің арнайы әдісін құру керек. Сондай-ақ, тек тергеушілерді ғана емес, судьяларды да жаңа амалдарға баулу қажет. Себебі ол іс ертең сотқа бармай ма? Судьялар ештеңе түсінбесе, кейін сұрақ та қоя алмайды", - деді ол.

Бас прокуратура мәліметінше, Қылмыстық кодекстің жаңа баптарын Қазақстан мен Еуропаның ең білікті компьютерлік мамандары құрды. Жаңартылған құжат тіпті еуропалық конвенцияға да сәйкес келеді екен. Қазір еліміздің күш құрылымдары шетелдік әдістерді негізге ала отыра, өз нұсқасын әзірлеп жатқаны белгілі болды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: