Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлердің ең төменгі бағасын алды

Қазақстан футбол федерациясының 2014 жылғы жұмысы төмен бағаланды.


Sports.kz сайтының жүргізген сауалнаманың қырытындысы бойынша, Қазақстан футбол федерациясы 2014 жылғы жұмысы үшін "1" деген баға алды.

Сауалнамаға Қазақстанның барлық аймағы қатысты. "Бір" бағасын дауыс берушілердің 41,8%-ы, яғни 1616 адам қойған.

"Үш" нұсқасына 19,5% (753), "беске" 13,1% (506) дауыс жиналған. Ал "екі" бағасын лайық деп 13,1%-ы (506) берсе, футболсүйер қауымның 11,9%-ы (459) "төрт" деген бағасын қойды.

Қазақстандықтар отандық футболда жемқорлық белең алған деген пікірде. Ойын алаңдарының сапасы да жанкүйерлерді алаңдатуда.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: