Қазақстан 2026 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізуге ниетті

Бүгін елордада өткен брифингте Қазақстан Футбол федерациясының алдағы жоспары жария етілді, деп хабарлады Sports.kz сайты.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, бұған дейін аталған федерацияны басқарған Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның 2026 жылы өтетін Футболдан әлем чемпионатын өткізуге өтінім беруге ниеттеніп отырғанын жария еткен.

Айта кетерлігі, осы брифингте 2007 жылдан бері Қазақстан футбол федерациясына басшылық жасап келген Әділбек Жақсыбеков өз қызметінен кететіндігін жария еткен. Оның орнына Ерлан Қожағапанов келуі мүмкін.

Бүгінде Астана қаласының әкімі қызметін атқаратын Әділбек Жақсыбеков бұл федерацияны 2007 жылдан бері басқарып келген еді.

Сондай-ақ брифинг барысында Жақсыбеков 2017 жылы УЕФА суперкубогы Астанада өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: