Қазақстан құрамасын «Барселонының» бапкері жаттықтырады

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының (U-17) бас бапкері болып испаниялық Карлес Марторелл Бакес тағайындалды деп хабарлайды Қазспорт арнасы.

14/12/4bbd79c32e3f421178d3ae4d68ad93e1.jpg" style="float:left" />
Карлес Бакес 20 желтоқсанда ҚФФ-да өтетін баспасөз мәслихатында ресми түрде таныстырылады. Ол жаттықтырған Испания жастар құрамасы осы жазда  Президент Кубогын иеленген.

Айта кетейік, Карлес Марторелл Бакес "Барселона" клубында жұмыс істеп жүрген кезде бапкерлік әдістеме бойынша шебер дәрежесін және PRO A дәрежесіндегі ФИФА-ның бапкерлік лицензиясын алды.

Бұл – Испания футбол лигасы үшін ең жоғары дәрежедегі лицензия. Карлес Бакес "Барселона" футбол клубында бапкер - директор болып жұмыс істеді. Ол команданы басқару және тактикаға жауап беретін маманның қызметін атқарған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: