Қазақстанға көне мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу қиынға соқты

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы қайта құру жұмыстары күрделі болғандықтан әлі күнге дейін аяқталмай отыр.

 
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлім етті деп жазады bnews.kz.

"Атырау мұнай өңдеу зауытындағы қайта құру жұмыстары неге сиырқұйымшақтанып кетті деп отырсыздар. Өйткені, қайта құру жұмыстары екі кезең бойынша жүргізілуде. Қазақстандағы мұнай өңдейтін алғашқы зауыт соғыс жылдарының соңында салынған. Оның құрал-жабдықтары ескі, сондықтан реконструкция жасау қиын болды. Қайта құрудың алғашқы кезеңінде зауыттың өнім коэффициенттері мен басқа да көрсеткіштерді ескі түрден жаңа түрде ауыстырылған. Қазір қайта құру жұмыстарының екінші кезеңі өтіп жатыр", - деді Қарабалин.

Оның айтуынша, екінші кезеңдегі жұмыстардың арқасында зауыт мұнай ғана емес, химия материалдарын өңдейтін болады.

"Осыған байланысты, зауытта күрделі қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Осы аяқталғаннан соң бұл зауыт дүниежүзіндегі зауыттардың деңгейіне шығады", - деп түсіндірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары 2000 жылы басталған еді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: