Қазақстанға әйгілі Рой Джонс келе жатыр

Желтоқсан айының 17-21 күндері Қарағанды қаласында бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға дәстүрлі турнир басталады. Осы жарысқа көптеген Олимпиада мен әлем чемпиондары қонақ ретінде қатысады деп күтілуде.


Бірінші кезекте көпшілікті қызықтырып отырған тұлға кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы кіші Рой Джонс болмақ.

Одан бөлек WBC тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы, қарағандылық   Олег Маскаев бар. Ресейден су добынан Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Сергей Котенко келеді.

Сондай-ақ, өзіміздің мақтаныштарымыз Владимир Смирнов, Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Ермахан Ыбырайымов, Серік Сәпиев, Илья Илин, Дмитрий Карпов, Серік Елеуов болады.

Кезінде талай боксшының томағасын сыпырған турнирге бостандық аралы Кубадан бастап, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ресей боксшылары қатысады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: