Қазақ дзюдошысы Рустам Ыбраев Токиодағы турнирде жүлдегер атанды

Қазақ дзюдошысы Рустам Ыбраев Жапонияда өтіп жатқан "Үлкен дулыға" ірі халықаралық турнирінде жүлдегер атанды деп хабарлайды Конфедерация.


Фото: fdk.kz

60 келіде белдескен Рустам алғашқы кездесуде йемендік Әли Хусрофты, екінші кездесуде танымал жапондық балуан Шинджи Кидоны жеңді. Содан соң, чехиялық Давид Пулкрабектен айласын асырған.

Өкінішке қарай, жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері, оңтүстік кореялық Джин Вон Кимнен ұтылды. Токиодағы турнирдің қола жүлдесі үшін күресте Ибраев Еуропа чемпионатының жүлдегері, израильдік Артем Аршанскойды жеңді.

Айта кету керек, ақтөбелік Рустам Ыбраев биыл Шымкентте өткен Қазақстан біріншілігінде тұңғыш рет ел чемпионы атанған.

"Үлкен Дулыға". 60 келі. Қорытынды

1. Джин Вон Ким (Оңтүстік Корея)

2. Тору Шишиме (Жапония)

3. Рустам Ыбраев (Қазақстан), Юма Ошима (Жапония)

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: