Қазақ әншілері Тәуелсіздік күнін бір ай бойы тойлауды ұсынды

Тәуелсіздік жаңа жылдың көлеңкесінде қалып барады. Осыған орай, әншілер қауымы Тәуелсіздік күнін бір ай бойы тойлауды ұсынды.


"Жаңа жылдан бұрын тәуелсіздік мерекесі тойлану қажет. Біз тәуелсіздік күні халыққа жұмыс істейміз. Бұл күні барша қазақ жұрты республика алаңына жиналып, гүл шоқтарын қоюға тиіс. Ал жаңа жылды үйде отырып жалғыз қарсы алсақ та болады",  - деді әнші Нұрлан Еспанов.

Ол Тәуелсіздік күнінің дұрыс тойланбайтынына қапалы екенін айтқан.

"Қазір көңіліме қаяу түсіретін жайт - тәуелсіздіктен бұрын көше бойында жаңа жылдық жарнамалардың көбеюі. Қарап отырсаңыз, Өзбекстан халқы тәуелсіздік мерекесін бір ай бойы тойлайды. Сол секілді Қазақстанда да бір ай тойласа деген ниет бар", - деді Қазақстанға  Еңбек сіңірген қайраткер Нұрлан Еспанов.

Қазақ елінің ерлігін әнге қосқан Халық әртісінің айтуынша, әрбір қазақ азаматының Отанына, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімі болуы керек.

"Мен Тәуелсіздік қарсаңында 5 күн бойы Астана, Ақтөбе, Атырау қалаларында өзімнің жеке концерттерімді беремін. Арнайы дайындалған жаңа әндерімді халыққа ұсынамын. Тәуелсіздік мерекесін мен өте жоғары деңгейде атап өтемін", - деді Роза Рымбаева.

Ол бұл мерекенің Қазақстан Республикасындағы айтулы датасы екенін атап өтті.

"Елім деген әрбір қазақстандық бұл күнді елеп, ескеру керек. Жаңа жылдық жарнамаларды емес, тәуелсіздік туралы афоризмдерді  көшеге ілсе жөн болар еді", - деді Халық әртісі.

 

 

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: