Қарағандының «Шахтер» клубын Владимир Чебурин жаттықтырады

"Шахтер" футбол клубының бас жаттықтырушысы болып Владимир Чебурин тағайындалды, деп хабарлады команданың баспасөз қызметі.

2014 жылдың 11 желтоқсанында Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында кездесу өтіп, онда "Шахтер" футбол клубының бас жаттықтырушысын тағайындау мәселесі сөз болды. Құрамаға Владимир Николаевич Чебурин жаттықтырушы болып белгіленіп, ол "Шахтер" клубымен келісімшартқа қол қойған.

Владимир Чебурин есімі "Шахтердің" әрбір жанкүйеріне белгілі. Ол команданы жаттықтырған 2009 жылы "Шахтер" чемпионатты үшінші орында ақтаған еді.

Владимир Чебурин Виктор Кумыковтың орнын ауыстырды. Ол маусым қорытындысы бойынша командадан кетті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: