Қарағандыда полицейлер боранда қалып қойған Өзбекстанның 54 азаматын құтқарды

Қарағанды облысында "Қызылорда – Павлодар" автожолының 991-шақырымында жол-патрульдік полиция батальонының экипажы "Мерседес" автобусының 54 жолаушысын құтқарды.

 
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Автобустағы жолаушылардың барлығы да  Өзбекстан азаматтары. Новосібірден Ташкентке келе жатқан автобустың қозғалтқышы қатты аяздың салдарынан істен шыққан.

Жолда қалған жолаушылар тоңа бастайды. Жол-патрульдік полицейлер болған жайтты кезекшілік бөліміне баяндап, көмек сұрайды. Көмекке тағы бір жол-патрульдік полиция экипажы келген.

Полицейлер өз күшімен жолаушыларды арнайы және жол-жөнекей көліктермен жақын жердегі "Тормозок" дәмханасына көшірді. Жолаушылар мен жүргізушілердің ешқайсы зардап шеккен жоқ.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: