Қарағандыда бір жасар баланың үстіне теледидар құлады

Қарағандыда қабырғаға ілінген теледидардың құлауы салдарынан бір жасар бала көз жұмды, деп хабарлады жедел медициналық жәрдем қызметінен.

"Қайғылы оқиға Қарағандыдағы пәтерлердің бірінде орын алған. Теледидар бір жасар баланың басына құлады. Анасы жедел жәрдем шақыртты. Алайда баланың алған жарақаттары тым ауыр болды. Ол ауруханада көз жұмды", - деп хабарлады дәрігерлер.

Медициналық қызметкерлер баланың өлімі туралы ақпаратты полицияға хабарлады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: