Қарағандыда арзан тауарға таласқан халық бір-бірін таптап кете жаздады

Қарағандыда жаңа дүкеннің ашылу салтанатына жиналған халық бір бірін таптап кете жаздады. Бұған сауда орнының ашылуына орай тауар бағаларын төмендетуі себеп болған.

Тұрмыстық техника сататын дүкен өздерінің ашылу салтанатына орай жеңілдіктер бергені жөнінде жарнаманы жан-жақты жасаған. Кешкілік сағат сегіздер шамасында дүкен есіктері ашылғанда лап қойған халық қызметшілермен қоса, күзетшілердің өзін таптап кете жаздады.

Қосымша полиция күші тартылғасын ғана ентелеген ел бас жарып, көз шығарудан аман.

Бұл Қарағандыда болып тұрған алғашқы жағдай емес. Жеңілдік десе ішкен асын жерге қоятын жұрт осыдан жарты ай бұрын ашылған тағы бір дүкенді жайпап өте жаздаған.

Сондағысы бірер тауардың бағасын сәл пәл түсірген дүкен басшылығы ақ тер-көк тер болғандардың әрекетіне мұртынын күліп қана отыр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: