Қарағандыдағы ғашықтар мүсінінің авторы қала халқына өкпелеп қалды

Қарағандыда ғашықтарға орнатылған ескерткіштің бөлшегі ұрланып кетті. Қалада бой көтергеніне бір ай да болмаған мүсінге кімнің қызыққаны белгісіз.


Бұл туралы "Новый вестник"  хабарлайды.

Қараша айының басында Бөкетов атындағы университет ұжымы аталған ескерткішті қала тұрғындарына сыйға тартқан болатын. Бұл туындының авторлары қала тұрғындары үшін мүсіннің махаббат символына айналарына сенген еді.

Мүсінде қыз бен жігіт бейнеленіп, үш метал қоңырау тағылған болатын. Алайда, белгісіз біреулер қоңыраудың бірін қолды қылған. Қоңыраудың ұрланғанын естіген скульптор Жанат Қомытов қатты қапаланды.

"Қалада тәртіптің болуына полицейлер жауап беруі керек. Алайда, мұндай вандалдардың бар екенін көрген соң, Қарағандыда бұзықтардың тұратынын көз жеткіздім. Ал мен бүгінге дейін бәріне қарағандылықтардың керемет екенін айтып жүргенмін. Негізі, олай емес екен ғой", - дейді мүсін авторы.

Автордың айтуынша, қоңырауды қайта орнату қиын емес. Алайда, тап сондай қоңырау табу оңайға түспейін деп тұр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: