Қарағанды тұрғыны өз сәбиін абайсызда тұншықтырып өлтірді

Қарағандыда төсіндегі баласын абайсызда тұншықтырып өлтіріп алған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Қарағанды облысы Шахтинск қаласы прокурорының көмекшісі Ерлан Зарир мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Қарағандыда 29 жастағы келіншек абайсызда өз баласын тұншықтырып өлтіріп алған. Ол таныстарының үйіне қонаққа келіп, баласын емізіп жатқанда ұйықтап кеткен. Салдарынан кішкентай нәресте анасының кеудесіне тұншығып қайтыс болды.

"Қазір келіншекке қатысты "абайсызда адам өлтірді" деп Қылмыстық кодекстің 101-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әзірге бұл іс тергеу деңгейінде. Бала анасының салғырттығынан қайтыс болды", - дейді Ерлан Зарир.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: