Қарағанды тұрғыны өзін қаққан полиция қызметкерінен 40 миллион теңге талап етті

Қарағандыда полиция көлігі қағып кеткен Бибігүл Кәдірбекова облыстық ІІД-нен сот арқылы 7 жүз мың теңге өндіріп алды. Алайда жапа шеккен әйел №2-Қазыбек би аудандық сотының бұл шешімімен келіспей отыр.

Өткен жылы  қараша айында көлік қағып кеткеннен кейін, Бибігүл 2-ші топтағы мүгедек атанған. Аяғы сынғандықтан, өздігімен жүріп, тұра алмайды.

Жол апатының денсаулығына ауыр зиян келтіргені туралы сот сараптамасы болмағандықтан, сот процесі талабымды толық қанағаттандыра алмады, - дейді арызданушы.

Бибігүл Кәдірбекова жарты жылдай төсек тартып жатқандықтан, анықтама құжатты дер кезінде ала алмағанын айтады. 35 жастағы әйел ішкі істер органынан 40 миллион теңге талап еткен болатын.

"Сот шешімі әділ емес. Денсаулығыма қаншама зиян келді. 2 балам бар. Кесіп берген ақшалары еміме де жетпейді. Дәрігер протез салу керек екенін айтқан", - дейді 2-ші топтағы мүгедек Бибігүл Кәдірбекова.

Еске салсақ, былтыр қарашада ІІД жол патрульдік полициясының инспекторы Мәди Рақымберлин жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан Бибігүл Кәдірбекованы қызметтік көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын.

Бұдан кейін айыпты ішкі істер органдарынан қуылды. Дегенмен, тәртіп сақшысының кесірен мүгедек болған Бибігүл Кәдірбекова бұрынғы полиция қызметкерінің әлі күнге дейін жауапқа тартылмағанын түсіне алмай дал.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: