Қарағанды облысында болған жол апатында 10 адам жарақаттанды

Қарағанды облысында "Қарағанды-Қарқаралы" тас жолында болған ЖКО салдарынан 10 адам зардап шекті. Бұл туралы облыстың ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Бақытжан Құдияров хабарлады.  

"17 желтоқсан "Қарағанды-Қарқаралы" жолында Ауди-80 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша, Қарқаралы бағытындағы жолда қарсы бетке шығып, 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-100 автокөлігімен қақтығысты. Жол апаты салдарынан екі көліктен 10 адам зардап шекті. Ауди-100 жүргізушісі мен оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді, қалғандарына медициналық көмек көрсетілді", - деді Құдияров.

Оның мәліметтері бойынша, Ауди-80 көлігінің зардап шеккен жолаушыларының арасында ІІМ Ұлттық гвардиясының демалыста жүрген әскери қызметкері, 4 жасар бала мен оның 30 жастағы анасы, екі ағалы-інілілер болған.

ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар белгіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: