Қарағанды облысы экс-әкімінің қамау мерзімі тағы да ұзартылды

Лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін айыпталған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевті қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды.


"Тергеу органдарының сұрауына байланысты Қазығұрт аудандық сотының қаулысымен Б. Әбдішевтің қамақ мерзімі 2015 жылғы 23 қаңтарға дейін бір айға ұзартылды", - деді аудандық соттан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сот Бауыржан Әбдішевтің қамақ мерзімін 3 айға, 2014 жылғы 23 желтоқсанға дейін ұзартқан.

Еске салсақ, Қарағанды облысының экс-әкіміне Қылмыстық кодекс 307-бабының 4-бөлігі (Қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша айып тағылған.

Тергеу органдарының нұсқасы бойынша Әбдішев жолға төселетін плиткалар шығаратын "ЕуроСтандарт Қарағанды" ЖШС зауытының мүддесін қорғаған.

Іс материалдарына сәйкес кәсіпорын оның танысының атына ресімделген. "ЕуроСтандарт Қарағанды" ЖШС мен "Мәдениет, демалыс саябақтары басқармасы" ҚМК арасындағы 2012 жылғы қаңтар мен мамырда жасалған екі шарт сомасы 1,2 млрд теңгеден астам қаражатты құраған.

Еске сала кетсек, Бауыржан Әбдішев Қарағанды облысының әкімі болып 2013 жылы тағайындалған еді. 2014 жылғы маусымда өз еркімен отставкаға кетті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: