Құтқарушылар AirAsia ұшағын іздестіру кезінде тағы үш адамның мүрдесін тапты

Құтқарушылар Яван теңізінен малайзиялық AirAsia компаниясының ұшағы құлаған жерден тағы үш адамның мүрдесін шығарды.


Бұл туралы баспасөз мәслихатында елдің ұлттық іздестіру және құтқару агенттігінің басшысы Бамбанг Соэлистио хабарлады, деп жазады ТАСС.

"Біз үш адамның мүрдесін шығара алдық: екеуі жолаушы ер адамдар және экипаж мүшесі болған бір әйелдің мәйіті", - деді ол.

Осылайша, қазіргі кезде ұшақтың ішінде болған алты адамның мүрдесі табылған. Соэлистионың айтуынша, іздеу шараларына қолайсыз ауа райы қиындық тудыруда. Ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.

"Іздестіру жұмыстары үшін жұмылдырылған техниканың бір бөлігі әзірше күту режимінде тұр. Ауа райы жақсарған кезде, оларға іздеу орындарына шығу бұйрығы беріледі", - деді ол.

Құтқару жұмыстарына Индонезия басшылық етуде, өйткені AirAsia компаниясының ұшағы радарлардың назарынан бұл елдің әуе кеңістігінде жоғалған. Іздеу тобының құрамына сондай-ақ Малайзия, Корея Республикасы және Сингапур өкілдері кіреді.

Жалпы алғанда 30-ға жуық кеме мен қайық, 15 ұшақ, 20-ға жуық тікұшақ жұмылдырылған. Айта кетейік, 30 желтоқсанда құтқарушылар лайнердің ішінде болған үш жолаушының мүрдесін тапты.

Бұдан басқа, Пангкалан-Бун қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 160 шақырым жердегі теңізде іздеу кезінде жолаушылар салонының есігі және жүк бөлігінің люгі табылған болатын.

Еске сала кетейік, жексенбі күні Индонезиядан Сингапурге ұшып шыққан Air Asia компаниясының әуе кемесі ұшып шыққан сәтінен кейін 40 минут өткен соң диспетчер радарынан жоғалып кетті. Оның бортында 155 жолаушы және экипаждың жеті мүшесі болды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: