Ғалымдар солақай адамның табысы аз болатынын дәлелдеді

Гарвард университеті ғалымдарының жаңа зерттеу жұмыстары оңқайларға қарағанда солақайлардың табысы аз екенін көрсетті.

Ғылыми мақала 2014 жылдың күзінде Journal of Economic Perspectives басылымында жарияланды. Зерттеу жұмысының жетекшісі Джош Гудман (Josh Goodman) солақайлар мен оңқайлардың еш айырмашылығы жоқ деген тұжырымды жоққа шығарды.

Статистикаға сүйенсек, математика мен оқу бойынша тест жүргізгенде солақайлардың нәтижелері төмендеу болады екен. Статистика бойынша АҚШ-та солақай ерлердің орташа алғандағы бір жылдық табысы оңқай ерлердікіне қарағанда $2500 кем болып шықты (шамамен 9%).

Ұлыбританияда мұндай айырмашылық 5% құраған. Солақайлардың табысы мұнда £1300 кем. Ғалымдар бұл кездейсоқ еместігін атап өтті.

АҚШ-та солақай әйелдердің жылдық табысы оңқай нәзік жандыларға қарағанда $3400 кем (19%), ал Ұлыбританияда мұндай айырмашылық анықталмады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: